Спорт туралы жаңа ақпараттық портал ашылды

Спортсүйер қауымға арналған Sportinfo.kz ақпараттық порталы ашылды. Бүгін Алматыда сайт иелері арнайы баспасөз мәлихаты өткізіп, интернет-порталды таныстырды.

Порталдың құрылтайшысы – Ринат Тоғысов, бас редакторы белгілі спорт журналисті Гений Төлегенов. «Портал спортты сүйетін жандарға арналған. Мақсатымыз — спорт әдемінде болып жатқан жаңалықтар туралы интернет арқылы жылдам, жедел ақпарат тарату»,- деді порталдың бас редакторы Г.Төлегенов.

Сайттан футбол, хоккей, теннис, велоспорт, бокс, күрес және қысқы, жазғы спорт түрлері бойынша ақпарат алуға болады. Онлайн трансляция арқылы футбол матчтарын тамашалауға да мүмкіндік бар екен.

Баспасөз мәслихатынан соң қарап отырып, қызық ақпаратты оқып қалдым. Президенттің «Астана» клубында доп тебетін жиені Айсұлтан Назарбаевты өткен жұмада түнгі клубтағы төбелес салдарынан полиция қызметкерлері соққыға жыққан көрінеді. Өткенде шеті шығып, рас-өтірік десіп жатыр еді. Бұл ақпарат ып-рас деп тұр сайттағы жаңалықта.

Алматыда автобуста жүру құны өсуі мүмкін

Бензин бағасының көтерілуі салдарынан Алматыдағы автобустарда жүру ақысы 100 теңге болуы мүмкін. Бұл жағымсыз жаңалықты 31 арна айтты.

«Есептеп көрдік. Жоқ дегенде 100 теңге болуы керек. Қазір «солярка» 88-90 теңге болып тұрғанда, жол ақысы 100 және одан жоғары болуы керек»,- деді жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрағасы Юнус Гагиев телеарнаға берген сұхбатында. Очм, әбден мүмкін қымбаттауы.

Өткенде бір экономистпен сөйлестіп қалдым. «Қымбаттаудың көкесі алда»,- дейді ол. Мысалы: 2012 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістікке кірсек, біздегі баға Ресейдің бағасымен бірдейі болуы тиіс. Ал, Ресейде зат бағасы біздегімен салыстырғанда 5 есе қымбат. Қазірдің өзінде Ресейге қарап бензин, соляркаң, Кедендік одаққа қарап автокөлікті рәсімдеуің қымбаттады.Келесі жылы БЭК құрамына кірсек, бар баға бірдей болса. Ехх, әлі Ресейсіз таңымыз атпайды.

Досқалиевті соттау керек пе?

Экс – денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің «жемқор» атанып, құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырғалы бірнеше айдың жүзі болды.Оған қарсы қылмыстық іс қозғау, аурухана әңгімесі, оны өтірік ауру болды деген айыптар, сол аурухананың (орталық) басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалу деген мәселелер бәріміздің есімізде. Ақыры не керек, айып тағылған Досқалиев соңғы сегіз айын түрмеде өткізуге мәжбүр болды. Тексерулер, тергеу, ақыры 19 мамырда сот процессі басталған болатын. Бірнеше рет тыңдау өткізіліп, соңғысында (27 мамыр күні) оған сот шешімі шығарылғанша үй қамағында отыруға рұқсат берілді. Тағылған айып бірнешеу. Сот шешімі қашан шығарылатыны белгісіз. Мақұл сот шешім шығарар, айыпты болса жазасын алар, айыпсыз болса аман-есен ортаға оралуына тілектеспіз. Өзіміз сияқты пенде, адам баласы екендігін айтпаған күннің өзінде оның Қазақ медицинасына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қаншама жанның өмірін арашалап қалғандығы, Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына, оның ішінде осы медицинаның дамуына жоғары билік бишігінде жүріп те, дәрігер ретінде де үлес қосты. Оны білетіндер осылай дейді, жалпы халық та тәуелсіздік алғалы бері медицина саласында аты «айғайлап» шығып жүргендердің бірі осы Досқалиев екендігін біледі. Оның істі болуына қатысты халық арасында кландар шайқасының құрбаны, бір кісіге қастандық жасамақшы топтың мүшесі болыпты, соған орай басына бұлт үйіріліпті деген сынды қауесет өріп жүр. Қаржы полициясы тарапынан тағылған қызмет бабын асыра пайдаланды, мемлекет қаржысын жымқырды деген сықылды бірнеше ресми айып бар. Бірақ анық-қанығын ешкім білмейді. Халықтың білетіні билік басындағы бірен-саран болмаса көпшілігінің таза еместігі. Депутат десе ойбуу ол бай ғой, министр болыпты десе ой жейтін жерге барыпты, батады ғой енді деген түсінік, халықтың көңіліне қатаң қағида болып жатталып қалған. Шенеунік десе халықтың көз алдына қарны шыртиып, әрең сөйлейтін, сөзі зіркілдеу адам елестейтіні де бар, кеңестік кезден қалған. Бұл тағы бір тақырыпқа тұздық болар. Айтайын дегенім Досқалиев ненің құрбаны болса да, кімге ұнамай қалса да, тіпті жемқор болып жеп қойса да, жазаны адамгершілік қағидаларна сүйеніп шығару қажет. Иа, заң бар. Заңсыз ештеме болмайды, бұздың ба қылмыскерсің. Бірақ сол үкім шығару кезінде адамның қылмысы мен оған дейінгі ел,мемлекет, халық алдындағы еңбегі сараланса, қылмыстың жүгі мынша, еңбегінің жүгі мынша, әлі де қандай еңбек сіңіре алады соны есептеп жаза берсе. Досқалиев мықты дәрігер сөзсіз. Әлі де талай адамның өмірін арашалап, халыққа қызмет ете алады. Бұл мемлекетке, халыққа пайда ма, пайда. Ол істеген қылмысын, жеп қойған қаржысын осындай еңбекпен қайтарса. Шет елде бұндай қоғамдық жұмыс тәжрибесі барлығы баршамызға белгілі. Ал, соттап, түрмеге тоғытудан өз басым табыс көріп тұрғам жоқ. Бұрын қызмет атқарған, ел алдында жүрген азаматқа (егер жасаса) қылмысын әшкерелеп, жалпақ жұртқа жариялап, қарабет жасаудан соң кешірім болса, екінші қылмыс жасауға беті бара қоймайды. Мемлекетке түзелген адам болып оралуы мүмкін. Сондықтан мен Досқалиевке кешірім беруді, тағы бір білікті маманның темір торда тоғытылмай, дәрігер ретінде адам өміріне арашашы болуды жалғастырғанын қалар едім. Өзі аз-ақ қазақпыз, білікті, білімді азаматтарды бір рет жолдан тайды деп адам санатынан шығара беру, ешкімге пайда емес. Бұл әрине менің жеке ойым. Заңнан асып үкім айтар ойым жоқ. Тек әр нәрсеге адамгершілікпен қарасақ.

28 мамыр күні Алматы қаласы мен облысында Tele2 ұялы байланысы іске қосылады

(12.86 Kb, 400x192)Ал, арзан байланысқа қол жеткізе алмай жүрген Алматылық ағайын сүйінші. Қазақстандағы ең арзан ұялы байланыс деп жарнамаланып (жарнамалық кампаниясы жақсы жүргізіліп жатыр) жүрген Европалық Tele2 дискаунтер-операторы мамырдың 28-нен бастап Алматы қаласы мен облысында өз жұмысын бастайтыны туралы хабарлады. «Tele2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Андрей Смелковтың лично мне айтқаны Tele2 қызметін алғашқы кезде Алматы қаласы мен Алматы облысының Қапшағай, Қаскелең, Есік, Талғар, Талдықорған, Жаркент, Үшарал қалаларының тұрғындары тұтына алады. Обещал ең арзан ұялы байланыс пен 3G обеспечен. (Ұзын құлақтан естуімізше байланыс құны 1 минутына 8 теңге болмақшы) Айтпақшы, 28 мамыр күні Tele2-нің Алматы қаласы мен облысында ресми түрде енгізілуіне байланысты күллі Алматы музыкаға бөленбекші. Күндіз қаланың бірқатар алаңдарында би кеші, әншілер мен бишілер сайысы, түрлі конкурстар, ал, кешкісін Астана алаңында Кубалық “Eminencia Classic”, Ресейдің “Звери” тобының концерті болады екен.

Ерболдың анықтамасы: Tele2 Европаның жетеші байланыс операторларының бірі. Әлемнің 11 елінде 31 миллионға жуық тұтынушысы бар. 2010 жылы Қазақстандағы “Нео” ұялы байланысын сатып алды. Сәуір айынан бастап Tele2 брендімен Ақтөбе қаласы мен Батыс Қазақстан облысында өз қызметін ұсына бастады.

Сатыда соғыстың соңғы солдаты қалды, құрметтің деңгейі де “сол қалпында” қалды

Біздің ауылда (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Саты ауылы) соғыстың соңғы «солдаты» (соңғы ардагер дегенім ғой) қалыпты. Осыдан 2-3 жыл бұрын оннан астам ақсақал бар еді. Жыл сайын мектепте өтетін жиынға қатысып, соғыс туралы көңілде қалғандарын айтып, оқушылардың ән-жырын тыңдап қайтқаны болмаса, сол кісілердің көпшілігі сый-құрмет көрмей-ақ өмірден өтті. Болмаса ауылдан көрмеген құрметті Алматыдан көру үшін көшіп кетті. Алматыдан көретін құрметі – үй, көлік, тегін курортта демалу, тегін майдандас достарына ТМД елдеріне саяхаттау, поезда тегін жүру, ұшақта тегін ұшу… Қалалы жерде ардагерлерге осындай «құрметтер» бар әйтеуір. 9 мамыр кезінде үй жоғы үй, көлігі жоғы көлік алып қалады, тегін демалып, жан-жаққа саяхаттап барады. Ол да болса көңілдеріне медеу, 5 жылдық мұз жастанып, қар төсеніп, қан майданда жүрген еңбегінің аз да болса өтеуі сияқты. Қазіргі құрмет атаулының бәрі ақша мен дүниеге айналып кеткен заманда бұдан асқан құрмет жоқ. Айтпағым, ауылдағы ардагерлерде бұның бірі жоқ. Болса да облыс әкімдерінің тізімдеріне іліккендері ғана. Көз көріп жүр. Қазақстан бойынша 12095 ардагер қалыпты. Бұның жартысынан көбі ауылда. Сол ауылдағы ардагерлердің көбінің көретін  құрметі – сол баяғы жылы сөз, оқушылардың тақпағы. Біздің көрші ауылдарда мүлдем ардагер қалмады. Ал, біздің ауылда жалғыз ардагер биылғы мектепте өткен шарада естелік айтыпты. Естелік айтып, тағы да жаттанды тілекті естіп, жалғыз гүлі бар, кітапты (сыйлық) ұстап, үйіне қайтыпты. Ол кісі де ауырып жүр екен. Қолымда болса барып бір көліктің кілтін ұстатар едім. Амал жоқ. Қанша қалды дейсің… Кейде ойлаймын ауылдардың әкімдері құры шаншып қойған таяқ сияқты. Айлық алып, мемлекеттің НИВА-сын мінгені болмаса. Түк әрекет жоқ. Мемлекеттен алмаса да ауылдың елін жинап жіберіп, «Әй, халайық жалғыз ардагер қалды. Алдыңғыларын сый-құрметсіз жібердік. Соңғы солдатты ардақтайық»,- деп, асарлатып, ем алуына, дем алуына жағдай жасаса ақсақалдың көңілі бір марқайып, келер жылғы 9 мамырда еңкеймей тұрып естелік айтар ма еді. Айтқым келгені қалған ардагерлерді дұрыстап құрметтейік дегенім ғой.

ПыСЫ: Ұлы Жеңіс Мерекесі күнімен баршаларыңызды құттықтаймын!

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

1 мамырдағы жағдай біраз ойлантып кетті. Ондай жағдайға мүлдем дайын емес екенбіз. У-шудың арқасында біраз дайындық жасағандай болдық. Өз басым бүкіл құжаттарымды бір сөмкеге салып қойдым. Сосын қауіпті жағдай туады -ау дегенде үйдің қай жеріне тұруға болады, қалай жетем дегендерді ойша пысықтап қойдым. Жер үйде  қауіп аз болады дейді, десе де сақтақта қорлық жоқ. Дәл қазір жұмыста да отырып бұрыш-бұрышқа көз салып отырмын. Бәрі Аллаһтың қолындағы нәрсе ғой, десек те сақтанып, сақтық шараларын біліп жүрген жөн. Айтпақшы  бүгін  БАҚ-та жер сілкінісі кезінде не істеу керек деген ақпарат жариялай бастапты.  ҚазАқпараттың сайтынан мына ақпаратты көзім шалып қалды. Блогыма кірушілерге  аз-маз ақпарат болсын деп блогқа бағыттадым.Сонымен…

Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі.Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн. Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, – бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.

Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!

Ең маңыздысы – сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

ТҰРҒЫН ЖАЙДА:

газ, су, және жарықты сөндіріңіз;

алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;

терезеге жақындамаңыз;

есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ:

ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;

ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ:

мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:

сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;

радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;

аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;

зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.

Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:

жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.

биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.

егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.

төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.

• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!  Дерек көзі ҚазАқпарат.

Кімге сенеміз?

Демалыс бітіп, бүгін БАҚ беттерінде Алматы облысындағы 1 мамыр мен 2 мамырға қараған түні жер сілкінісі туралы «ресми» ақпараттар пайда бола бастады. Ала-құла ақпараттар. Ала-құла дегенім дені дұрыс ақпарат жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше оқиғаларды ескерту департаменті ҚазАқпаратқа 1-2 мамыр күндері Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында 8 жерасты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады. Олардың айтуынша барлық 8 жер сілкінісінің кіндігі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Екпінді ауылының төңірегінде болған. Ал, бірқатар интернет БАҚ-ы (nur.kz, ИА “Новости-Казахстан”, Tengrinews.kz.) Жерортатеңізі сейсмологиялық орталығына (European-Mediterranean Seismological Centre) сүйеніп 10 жер сілкінісі тіркелді десті. Сосын осы орталықтың сайтында тайға таңба басқандай қашан, қай жерде, қанша балл болды анық жазылып тұр. Бұндағы ақпарат бойынша сілкініс Екпінді ауылының маңында бола бермеген. (Құдай сақтасын, 3-4 баллдан 8 рет болса Екпіндінің екпіні кетіп қалар еді ғой). Еңбекшіқазақ, Іле аудандарының аумағындағы Моловодное елдімекені, Қапшағай су қоймасы маңдарында орын алған. Очм түсініксіз. Кімге сенеміз? Ақпараты тайға таңба басқандай сайтында тұрған European-Mediterranean Seismological Centre ақпаратына ма, жоқ бүгін БАҚ өкілдерін жинап баспасөз мәслихатын өткізуі тиіс болса да, (Өткен күндері демалыс болды. Бүгін дүйсенбі. барлық БАҚ өкілдері жұмыста. Әлі де толық ақпарат жоқ. Сондықтан баспасөз мәслихатын өткізіп, толыққанды ақпарат беруі тиіс) тым-тырыс, әлі де толыққанды ақпарат бере алмай отырған төтенше жағдайлар департаментіне ма?
Маған сенбегендер ақпарат агенттіктеріндегі ақпараттарды қараңдар. Бірінде 8 рет, бірінде 10 рет деген шала-құла ақпарат өріп жүр.

Алматының жұрты неге дүрлікті?

Мамырдың 1-і таңғы 8.31-де Алматының халқы Жапондардың «шекпенін» киіп оянды. Соларша жер сілкінісінен оянды дегенім ғой. 30 секундтай Алатаудың баурайын теңселткен дүмпудің ошағы Алматыдан 75 шақырым жердегі Моловодное ауылының маңы, онда сілкініс 5.4 балл, Алматыда 4 балл болды. (Европалық сейсмология орталығының деректері бойынша бұның артынан 9 рет кішігірім сілкіністер болды. Күші сәл жоғарылығы осы 8.31-дегі…)  Сонымен бәрі тәмам болуы керек еді. Алайда кеш батысымен ел арасында 9 немесе 12 баллдық жер сілкінеді деген гу-гумен дүрбелең басталып, ел көшеге шығып кетті. Неге? Бәрін ретімен.

Таңғы сілкініс бола салысымен ҚазАқпаратқа ақпарат алу үшін сейсмология институтына хабарласқам. Тура жарты сағат бойы телефон дың-дың. Жарты сағаттан соң  көтерген әйел бүгін демалыс екендігін айтып, телефон тұтқасын тастай салды. Бұл 9 шамасы болатын. Тағы тердік, тағы да зіркіл жауап. Ойбоу енді қанша балл болғандығын шет елдік БАҚ-тан естиміз ба дедік, төтенше жағдайлар департаментіне звондаңдар, деді зіркіл дауыс. Тура солай болды. Шет елдік БАҚ-тан алмасақ та Европалық сейсмологиялық жағдайды бақылау  ұйымының мына сайтынан http://www.emsc-csem.org  керек ақпаратты таптық. Артынан төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару орталығына хабарласып, жоғарыдағы сайттағы деректерді мақұлдаттық. Сосын барып Астанаға редакторларыма жібердім. Ешкімнен ақпарат ала алмаған болуы керек ҚазТАГ  нақтыланбаған ақпаратты жариялады. Сейсмология институтының сайтында сілкініс туралы ләм-мим. Бір ауыз жоқ. Дәл сол қалпында түске дейін тұрды. Құзырлы орындар дұрыс ақпарат бермеді, бұдан кейін БАҚ  та оң ақпарат бермеді. Түстен кейін гу-гу тарай бастады. Туыс-таныстарымыз хабарласып, бүгін кешке қатты жер сілкінеді екен, не хабар десіп жатты. Біз ресми ақпарат жоқ, дүрлікпеңдер дестік. Ақпарат алуға тағы сейсмология институтына хабарластық, дың-дың телефоны. Сосын таңғы зіркілді естіп жүрек шайлығып қалған, құрсын дедік. Звондағандардың біреуінің айтуынша жер сілкінеді деп әкімшіліктен звондапты, біреулерінің айтуынша интернеттен оқыған, біреуі телеарналардан хабарлады, біреуі досынан, біреуі екі-үш рет ақырын-ақырын жер дүмпуі екі-үш рет қайталанған соң өзі қауіптеніпті, біреу көшеге шығып жатқан елді көріп құжаттарын жинай бастапты. Ел арасында осындай өсек гулеп жатты. Кеш бата халық дүрлігіп, көшеге шыға бастады. Досымның көлігімен Абай-Сайын көшесінен Райымбек даңғылынан дейін түстім, көше бойынан 2 мыңға жуық адамды көрдім. Бұндайлардың «жаман ойын» көшеге өрт сөндіргіш көліктермен, полицияның көліктерінің қаптауы одан ары үдетті. Біздің сейсмологтар сол кезде барып оянды. 12-ге таман журналистерге хабарласып, баспасөз мәслихатын өткізді, 12-де Алматы телеарнасынан тікелей эфирге шығып елді жұбату айтты. 6 баллдан аспаған соң елге хабарлау қажетсіз,- деді Сейсмология институының директоры Таңатқан Абақанов мырза. 6 балл болса жер сілкінісінің зардаптарын көруге болатыны түсінікті. Ал ондай жерде жер сілкінді деп хабарлаудың қажетсіздігі былай да түсінікті. Өсек таратқандарды тауып, жазалаймыз деді тағы сол Таңатқан. Менің БАҚ-пен, қоғаммен байланысты дұрыс жолға қоймағаным үшін осындай дүрбелең туды демеді сейсмология институтының деректірі. Қоғаммен байланыстың жазылмаған заңы бойынша  билік халыққа жағдайды түсіндіріп, байланысқа шықпаған соң  түрлі өсек шығып, дүрбелең туатыны белгілі. Кешегі жағдай соның салдары болды.Абақанов таңғы сілкіністен соң-ақ алғашқы ақпараттарды алысымен журналистерді жинап, тікелей эфирге шығып, майда сілкіністер боларын, одан қорқудың қажеті жоқтығын, дүрбелеңге бой алдырмауын ескерту керек еді. Ал, бұл болмаған соң өсектен-өсек, дүрбелең туды. Абақанов мырза талай жыл жасамаған бұқарамен байланысын түнгі он екіде жасап, басу айтты. Бұл біздің кейбір органдардың қоғаммен байланысты дұрыс жүзеге асыра алмайтынын көрсетіп отыр.

ПыСы. Абақанов мырза сізге аз-мәз ақылсымақ – БАҚ-пен байланыс, қоғамен байланысты дұрыс жолға қою қажет. БАҚ пен ел Қазақстан аумағында болған жер сілкінісі туралы ақпаратты шет елдік сайттан емес, сейсмология инстиутының сайтынан алуы керек. Тіпті Қазақстандағы жер сілкінісінің жағдайы туралы арнайы сайт ашып, БАҚ-пен, қоғаммен байланыс мамандары қызметін енгізу қажет. Жер сілкінісі туралы ақпаратты халық өсектен емес, сіздің немесе мамандардың аузынан естуі керек. Бұл ақпарат ел көшеге шығып кеткен соң емес, көшеге шығудың алдында айтылуы керек. Сіз айтқандай 6 балдан соң емес, 3 балдан асқан соң –ақ  халыққа БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн. Өйткені қазір әлемді Жапония елесі кезіп жүр. Халық үркіп қалған. Жер дір етсе, бәрі дүр етуге дайын. Кеше көзіңіз жеткен болар. Айтпақшы Абақанов мырза сіз сейсмология институтын басқарып отырған соң сізге бағыттап отырмыз. Әйтпесе алты аласа, бес бересеміз жоқ сізде. Халық дүрбелеңі үшін емес, халық игілігі үшін қызмет ете беріңіз. 

ПыСы. Айтпақшы бұл кеше Алматыда тек осы бір ғана дүрбелең болған жоқ. Елдің бірі жер сілкінісі туралы мифке сеніп жатса, тағы біреулері бірі Думан ықшам ауданы маңындағы бос жерді басып алуға талпыныпты. Нақты емес ақпарат бойынша 1,5 мыңнан-10 мыңға жейін адам Думан жаққа жиналып жерге учаскелерін басып алуға талпынып, қазық қаға бастаған көрінеді. Билік өкілдеріне құлақ аспапты. Бүгін жеткен еміс-еміс ақпаратқа қарағанда қазір ол аумақты әскерилер пен полиция қоршап алып, жерді босатып жатқан көрінеді. Бұлардың көпшілігі де жерді тегін таратып жатыр деген өсекке сеніп жеткендер. Өйткені өз басыма тегін таратып жатыр екен ғой деп бірнеше адам хабарласты. Артынан өсек екендігін біліп, қап деп жатты. Жалпы кешегі күннен көргенім біздің халықтың басым бөлігі өсек, гу-гу жел сөзге көбірек құлақ асады. Ақпаратты анықтау, растығына көз жеткізу жоқ. Абақанов үндемесе де көзі қарақты адам жер сілкінісі туралы ақпаратты естіген соң төтенше жағдайлар департаменті ол болмаса тіпті полицияға, жергілікті әкімшілікке, басқа да құзырлы органдарға хабарласып жөн сұрап алған жөн. Ресми БАҚ ақпараттарына (интернеттегі кез-келген ақпарат, жеке сайттарға емес) көз салу қажет. Егер қатты жер сілкінетін немесе төтенше жағдай алдын-ала болжанса билік халықты құлақтандырмай қоятын ақымақ емес шығар. (Бірақ Қызылағаш оқиғасынан соң халық қорқып қалған).Жалпы кез-келген нәрсеге көз жеткізу, анықтап алуды ұмытпаған дұрыс. Сосын бәрі алланың қолындағы нәрсе екендігін ұмытпағайсыз. Аллаһ қауіп-қатерден сақтасын, аман болайық!

Қытайлар соңғы 10 жылда 73,9 миллион адамға көбейді

2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР халқының саны соңғы 10 жылда 73,9 миллион адамға өсіп, 1,34 млрд. адамды құрапты. Бұл былтырғы халық санағының қорытындысы бойынша есептелген.

Халық санының орташа жылдық өсімі 2001-2010 жылдары 0,57% құрап, алдыңғы он жылдықпен салыстырғанда 0,5 пайызға баяулаған. Бірақ қанша баяуласа да, 10 жылда Қазақстан халқының 5-еуіне өскен. Өссе өссін ғой. Мені ойландыратыны  Қазақстандағы халық саны. Азбыз, жеріміз кең. Көршіміз көбейіп, лықсып ернеуінен асатын теңіз сияқтанып келеді. Сол теңіз тасыса… Елестету қиын. Біздегі халық санын көбейту әлі де сөз жүзінде қалып келеді. Осыны ойлағанда былтыр Мақаш атамның (мен атам қартайыпты деп қарсылық тантқандай болып жазба жазып ем) бойдақтарға айыппұл салу керек дегенін  қолдау керек па деп қалам.

Қазақшасы балдыр-батпақ, сатпақ-сатпақ сайттар көбейді

Өткенде ФФК-нің сайтына өре түрегеліп едік. Енді мына сайтқа да сондай тесірейіп, жаман көзбен қарауға тура келіп тұр. Телебезерден, интернет беттерінен мына сайт туралы http://visitkazakhstan.kz естіп жүргем. Көруге бүгін ғана ыңғай болды. Ашарда сумаң етіп әй, бұл да бір шығар деген ой келген. Бақсы екем. Тағы бір балдыр-батпақ, қазақшасында қате өріп жүрген сайттың бірі екен. Қазақша бетінің жартысы орысша. Алдымен бөлімдерді қарап отырып «Демалыс қоймалары» деген бөлімге көзім түсті. Қоймада демалып жатқанымды елестетіп күлкім келді. Тағы бір жерінде «Мүмкін, Сіз іздедіңіз: Астананың қонақ үйлері, Алматының қонақ үйлері»деп тұр. Осыны оқып отырып құлағыма қалада өскен қазақшасы не то қыздың даусы келді. Бас жағында сайттар деген бөлімнің атауы «Сайттер» деп тұр. Басында Саттар шығар деп ойлағам. Бізде бәленің бәрі бар ғой, сайтты жасатқан біреу баласының аты-жөнін жазып қойды ма деген ой ғой))). Сөйтсем сайттар екен. « 10 себеп Қазақстанға келу үшін» деп қояды бір жерінде. Пайдалы мәлімет дегеннің астында «Туристтік объекттерді» деген тұр қасқиып. Аудармашы аударушы болып кетіпті. Қазақша ақпараттар… айтпай-ақ қояйыншы. Айтып айтпай не керек біраз ақша салыныпты, бірақ қазақшасы аяқтан шалыныпты. Иесі ҚР ТжСМ туризм индустриясы Комитеті екен. Құлақтарына алтын сырға, мына сайттарың Қазақстандағы туризмнің «тым» керемет даму үстінде екендігін көрсетіп тұр.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.