ҰБТ ұятқа қалдырды, асылып өлем

Бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұловтың Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермейді деген мәлімдемесін оқыған (ҚР БҒМ-нің мектептер 100 пайыз интернеттенді деген ақпараты бойынша (3-4 жыл бұрынғы ақпарат) «типа» интернеттеніп кеткен мектептерінен восьмерканы шиқылдатып отырып, 4 сағатта кірген ғой интернетке) ауылдағы ағайын қоңырау соқты.

«Мейлі, 100 пайыз өзгермесе өзгермесін. Бірақ сол ҰБТ-ның сәл-пәл кедір-бұдырын жонып артық жерін алып тастау керек»,- дейді олар. Олардың айтуынша осы бірыңғай тесттің «кесірінен» ба әлде «пайдасынан» ба оқушылар 11 сыныпқа аттай салысымен сабақты қойып тек тестпен айналысып кететінді шығарыпты. Ауылды жерде оқитындар қала жағалап, туыс-танысының үйін паналап, репетитор жалдап, 2-3 ай бойы сабақ көрмей дайындалып кетеді екен. Бұны мектеп басшылары мен мұғалімдердің өзі талап ететін көрінеді. Өйткені ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылар дұрыс балл жинамаса мектептің рейтингі «резкі» түсіп кетеді екен. Сөгіс пен «соғыстан» қорыққан мұғалімдер сабақты қойып 11 сыныптарға бейресми каникул жариялайтын көрінеді. Бұған баласының ауылда қап ішіп кеткенінен гөрі, жоғары оқу орнына түсіп кеткенін мақұл көретін ата-ана байғұс да бейіл екен. 10 жыл оқыса жетеді, 11 класстың білімі табылады, оқуға түсіп кетсе болды деп жұбататын көрінеді өздерін-өздері. ҰБТ-дан келетін сорақылықтың тағы бірі жаңағы рейтингтің төмендеуінен қорыққан мұғалімдер сабағы нашарлау оқушыларды тестке қатыстырмауға тырысатын көрінеді. Нашар оқыдың ба, тәйт тестке қатыспайсың, жат үйіңде дейтін көрінеді. Бірақ мұғалімдермен тайталасып жоғары балл жинап, жоғары оқу орнынан бірақ шыққандар да бар деседі ел аузындағы аңыз. (Красавчик Қисық, Өркен, Қатыбалды сияқты движениесі мықты жігіттер ғой) Ауылдағы ағайынның тағы бір қорқып отырғаны баланың тест тапсыру кезіндегі психологиялық жағдайы. Ойбай дайындалыңдар, тесттен төмен балл алсаң мектеп құриды деп ұстаз бір, дайындал да дайындал түспей қалсаң сені оқытатын ақша жоқ деп ата-ана екі қорқытқан, 1 жыл бұрын дайындалып, сабақты ұмытқан кей баланың тест кезінде есі ауып қалатын көрінеді. Нәтижесінде жақсы оқып, өз деңгейінде балл жинай алмай қалған оқушылардың өз-өзіне қол салу оқиғалары орын алыпты алдыңғы жылдары. ҰБТ ұятқа қалдырды асылып өлем деп өзіне қол салмаққа ұмтылғандар да, тіпті жынданып кеткендер де баршылық екен. «Көрші ауылдағы қызылға бітейін деп тұрған қыз өз деңгейінде балл ала-алмай қалып, есі ауып кеткенін көзіміз көрді. Әп-әдемі қыз тестен соң жынданып кетті. Қазір әке-шеше мен оқуға түстім деп сықылықтап күліп, отыра қап жылап қор болып жүр. Осындайдың алдын-алу үшін үміткерлерді тест алдында психологиялық дайындықтан да өткізу керек сияқты. Бұл мектептердегі психологтарға жүктелмеуі керек арнайы мамандар жұмыс істеуі қажет. Өйткені мектептерде сабақ беретін, әсіресе ауылды жердегі психологтардың өздеріне психологиялық көмек керек. Жаңағы ҰБТ үшін 11 класстағы бейресми каникул деген мектептердегі сабақ беруді тию қиын шығар. Өйткені  білім беруді жетілдіру қажет. Білімсіздіктің кесірінен 10 жыл бойы ойнап жүріп, 11-ге келгенде алашапқын болады. Бұның алдын-алу үшін министрлік тарапынан орта білім беруді жетілдіруге ықпал жасау керек-ау», – дейді мені Жұмағұловпен ауызба-ауыз сөйлесе алады деп санап қоңырау шалған ауылдағы ағайын.Талай конференцияға қатысып жүрміз. Білім саласы туралы тура осындай білгір баяндама жасаған сарапшы көрмеппін. Жерде қалмасын деп ұсынысын тура министрдің блогына бағыттадым. Оқи ма, оқымай ма, жоқ тексеріп жауап жазатын көмекшілері алып тастай ма, білмеймін. Тек ауылдағы ағайын айтып отырған олқылықтар биыл болмаса екен.
ПыСы: Биыл Жұмағұловтың министр кезіндегі бірінші ҰБТ-сы. Сондықтан бұл оқушылардың ғана емес, Жұмағұловтың да тест тапсыратын тұсы. Жоғарыдағыдай олқылықтар түзеліп, ҰБТ ұятқа қалдырды деп жылаған жастар жоқ болса, о кісінің де рейтингі жоғары. Ал баяғы жартас сол жартас, ҰБТ ұятқа қалдырып талайды, оқушы арқан іздеп, ата-ана, мұғалім жерге қарайды болса  онда о кісінің де тесттен өтпегені.(Құдай сақтасын)
Айтпақшы ұмытып барам. Жұмағұловқа жеткізші деген өтініштің арасында ұстаздардың да өтініші бар. Ұстаз болғанда  мектептің  зауышы.  “Күз басталса болды қағаздан көз ашпаймыз. Аудандық районоға шақырып ана қағаз, мына қағаз деп жеп қояды. Аудан 150 шақырым жерде. Директор бар, 2 зауыш бар, кітапханашы бар аптасына 3 барамыз. Аптаның 3 күні сонымен кетеді. Сабақ беруді қойдық, қашан береміз сабақты  білмеймін. Министрдің құлағына осы жетсе шіркін. Мұғалім сабақ берсін да, қағазбен айналысатын біреу болсын, штат аша ма, бірнәрсе керек осындай, министр ғой  бірдеме ойлап табатын шығар” ,- деді зауыш ағамыз. Тура осылай деді. Артынша менің атымды жазып жіберме арасына, жұмыстан  кетер жай жоқ деп қояды.

About these ads

Туралы Erbol
Журналист, PR маманы.

13 Responses to ҰБТ ұятқа қалдырды, асылып өлем

  1. Меру says:

    Ербол тура жазыпсыз, менин анамда мугалим, оку басталса отчет деп районога шапкылап жургени, осы жагын колга алса жакс болар еди

  2. izgilik says:

    Айтқаның дұрыс. Бірақ қазыр бәрі саяси алашапқынмен қол тимей жатыр ғой. ҰБТ ға қатыстырмау үшін 9 сыныптан кейін балаларды колледжге түс деп шығарып жіберіп жатыр мұғалімдер. Бара бара 1 сыныпқа да келмей ақ қой, орамал тартасың, т б ҰБТ деп мектепте оқитындар азаятын шығар.

  3. Bolat Naukenuly says:

    http://www.internetTV.kz сайтынан көшірілді.
    Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор СОВЕТ-ХАН ҒАББАСОВ: “Бүгінгі жастардың өз-өзіне қол жұмсауының жиілеп кеткендігі, ол біздің тәрбиеміз бен өміріміздің жалғандығының және ұлттық болмысымыздан қол үзіп бара жатқа…ндығымыздың дәлелі…”

  4. Ербол, жақсы жазыпсың. Ұялып, ұялып… бетте семірер….))))))
    Жынданып кеткен қызбала туралы оқығанымда… сөз таба алмадым, ойланатын ойда таба алмадым. Алла аясын!
    …қарындасым айтқан секілді: мектептен оқушыларды тізіп, ашылатын жаңа ғимарат жанына қолдарына жалау беріп, шар беріп,көңілді атмосфера ұйымдастырады. Сабақтан босатқан соң болды да оларға… Ашатын Басекең келіп болмайды, оқушылар тоңады, шаршайды. Сонда директор мұғалімге, мұғалім оқушыларға қабақ түйген екен… Қарындасым артынан айтады, сол Басекеңнің өзі біздің тоңып тұрғанымызды көріп, жылдам өткізіп жіберді деп…(үсіңкіреген-ау деймін соған қарағанда)

    • Erbol says:

      Ауылдағы ағайынның қоңырауынан өзім де ойландым. Осы бізде орта білімнің сапасы шынында да керемет емес-ау деп. (Бәріне бәле жапқым жоқ әрине, барды жоқ деу болмас. Бірақ жалпы алғанда нашарлығын мойындайықшы. Мойындап үйренейікші) Керемет болса неге 11 классқа бара салысымен тестке дайындал деп тентіретіп жібереді. Бұны маған мұғалімдердің өздері айтты. Адам сияқты оқытайық десек, қағазбастылықтан құтыла алмаймыз дейді.Жалпы орта білімді жетілдіру қажет екені айдан анық.

  5. Қазнетте жарияланған материалдардың ішіндегі тұщымдысы әрі дұрысы екен.

  6. altygradus says:

    Тестіге көп дайындалсын балалар, онда тұрған ештеме жоқ. Біздегі ең ең ең керемет дайындалды деген оқушының өзі, кәріс балалардың орташа дайындығының 1/4-не де жетпейді.
    Тест қиын бәлен-түгілен деген әңгіме болмау керек.

    Тек барынша әділ өтуіне жағдай жасаса, сосын біртүрлі түсініксіз сұрақтар жағын жөндесе болғаны.

  7. mikazhan says:

    ҰБТ әрбір білім алушы үшін қажет нәрсе. Алайда, оны мектеп оқушыларына тапсыртқызу қазіргі таңда дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Себебі, ҰБТ-ны өзім де тапсырғандардың бірімін. ҰБТ біз тапсырған уақытта күрделірек (кітаптан оны табу қиын, тек арнайы не қосымша оқулықтарда болмаса.. ..ол оқулықтарды ауыл кітапханасынан табу мүмкін емес!) болды. Ал ҰБТ-ға арналып жасалынған дайындық кітапшалары мүлде сай келмейді (сұрақтары әлдеқайда жеңілірек). Негізінде гимназия, лицей т.б. мамандандырылған, тереңдетіп оқытатын мекемелер болмаса, жалпы білім беретін орта мектептер ҰБТ-ға дайын емес. Республикамыздағы мектептердің 85%-ы орта мектептер болса, гимназия, лицей, мамандандырылған-профилді, сондай-ақ жекеменшік мектептер 15%-ын ғана құрайды (шамамен).
    Мектеп бітірер шақ біреулерге қуаныш әкеліп жатса, енді біреулердің өмірден безінуіне себепші. Біздің болашағымыз жастар десек, сол жастарды жетілдіріп жеткізу үшін бұрынғының жастары көмек қолын созуы тиіс! Ол үшін ҰТБ-ны алмай-ақ қойсын, бірақ, әр мектептің білім беру жүйесіне сәйкес жасалуын талап етсін.. Сонда ғана оқушылар да Білім және ғылым министрі де тестілеуден сүрінбей өтеді!

  8. Аружан says:

    Ербол жазгандарын барын окыдым дурыс жазыпсын менде Ұбт десе коркам оте алмаи калам ба деп…..

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: