Ескі- жаңа министрлердің есімдері белгілі бола бастады

Бүгін Астана жақтан үзік-үзік сыбыстар жетті. Ескі- жаңа министрлерден құралған министрлер кабинеті жасақталып болыпты. Бұны Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің туиттердегі блогында да жазыпты. KarimMassimov Карим Масимов Мемлекет басшысына ұсыныс енгіздім. Президент оны мақұлдады. Бір сағаттан кейін жаңа министрлерді таныстыруға барамын. Ұзын құлақтан жеткен сыбысқа қарасақ Талғат Ермегияев (ҚР Туризм және спорт вице-минситрі) ҚР Көлік және коммуникация министрі әлде ҚР Туризм және спорт министрі болып, Ержан Қазыханов (Ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалған) ҚР Сыртқы істер министрі болып, Асылжан Мамытбеков (Бұрын Қазагроны басқарған)  ҚР ауылшаруашылығы министрі болып  тағайындалыпты. Ресми БАҚ бұлардың ішінен әзірге Ержан Қазыханов пен Талғат Ермегияев туралы ресми бұйрыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таратты.(http://www.inform.kz/kaz/article/2369316, http://www.inform.kz/kaz/article/2369333) Ал қалғандарының есімін бұйырса таңертең  топ-тошно еститін боламыз.Айтпақшы Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев  БҰҰ бөлімшесінің басшысы болып тағайындалған Қасымжомарт Тоқаевтың Сенаттағы  орынын басқан деседі.

About these ads

Туралы Erbol
Журналист, PR маманы.

Ескі- жаңа министрлердің есімдері белгілі бола бастады жауабы: 2

  1. Erbol says:

    Талғат Ермегияев ҚР Спорт және туризм министрі болып тағайындалды. Жоғарыдағы аталған су жаңа министрлердің қатарында Қайрат Келімбетов бар.Ол Экономикалық даму және сауда министрі болып тағайындалды. Ал премьердің үш орынбасары орындарында қалды. Қалған министрліктердің басшыларының аты-жөні әлі жарияланбады.

  2. Erbol says:

    САЯСАТ ҚЫЗЫҚ ЕМЕС ЕШКІМГЕ

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.

%d bloggers like this: